03:42, 15 Ақпан 2013 | GMT +5
Жапондық иенге қарсы ойнаған Д. Сорос млрд. доллар қаржы тапты
АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Американдық қаржыгер Джордж Сорос 2012 жылдың қараша айынан бастап жапондық иенге қарсы ойнап, шамамен 1 млрд доллар қаржы тапты.

Бұл туралы трейдерлер арасындағы жасырын дереккөздерге сілтеме жасаған The Wall Street Journal газеті жазды.
Басылымның мәліметтерінше, иен бағамының құлауының арқасында басқа да американдық инвесторлардың қорлары олжаға батты, олардың арасында Жэвид Эйнхорнның Greenlight Capital, Даниэль Лебтің Third Point қорлары бар, деп хабарлайды ч.
Жапония үкіметі иеннің жоғары бағамын елдегі құлдыраудың басты себептерінің бірі деп санайды. Бүкіл әлем инвесторлары дағдарыс кезінде жапондық активтерді сатып алып, оларды басқа валюталарға қарағанда берік актив ретінде қолданды. Бұл жапондық экспорттаушылардың пайданың айтарлықтай бөлігінен айырылуына соқтырды, өйткені олар кірісті доллар және еуромен алады, ал шығындарды иенмен жабуға тура келеді.