Жапондық инженерлер оқытушы-робот жасады

ТОКИО. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат - Жапондық инженерлер оқытушы-робот жасады.
None
None
Токио университетінің ғалымдары нағыз адамнан аумайтын Сайя есімді бойжеткенді таныстырып отыр: Сайя күле де, жымия да, тіпті әзіл айта алатын және оқушыларды оқыта алатын мұғалімге ұқсас құлтемір. Робот Сайя адамның негізгі алты эмоциясын да білдіре алады ? ол таңданғанын да, қорыққанын да, жиіркенгенін де көрсете алады, тіпті ашу да шақырады, қамығады, мерейлене алады. Оның эмоциялары табиғи болуы үшін, жоба авторлары роботты адамның терісіне ұқсайтын өте икемді резеңке терімен қаптап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат CyberSecurity.ru сайтына сілтеме жасап.
Соңғы жаңалықтар
Референдум