07:57, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
Жапондық қалта телефонның көмегімен бестселлер жазып шықты
ТОКИО. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат - Жапондық азамат қалта телефонмен бестселлер жазды.
22 жастағы Юме Хотару өзінің туындысын 2007 жылы бастаған екен. Көлікте кетіп бара жатып немесе үзілістерде ол өз телефонында бір сөйлем жазып, ол сөйлемді интернеттегі өз микроблогына жөнелтіп отырған. Көп ұзамай Хотарудың шығармашылығы Интернетте кеңінен танылып, содан кейін баспагерлер оған өз туындысын қағаз бетіне түсіруді ұсынған. «Алғашқы тәжірибе» деп аталатын роман Жапонияда «мобильді әдебиетке» деген сұранысты арттырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат РСН агенттігіне сілтеме жасап.