15:41, 23 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Жапондық мәнерлеп сырғанаушы Ханю Канададағы турнирде әлемдік рекорд орнатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапондық мәнерлеп сырғанаушы Юдзуру Ханю ерлер арасында конькимен сырғанауда қысқа бағдарламаның нәтижесі бойынша әлемдік рекорд орнатты.
Канададағы Пьерфондсе турнирінде Ханю 112,72 ұпай жинап, 2015 жылдың 10 желтоқсанындағы Гран-при финалында өзінің 110,95 ұпаймен орнатқан әлемдік рекордын жаңартты.
22 жастағы жапондық еркін сырғанау (223,20) мен екі бағдарлама қорытындысы бойынша (330,43) ұпай жинаудан рекордшы саналады.
Ханю - жеке сырғанаудан Сочидегі Олимпиада чемпионы, екі мәрте әлем чемпионы. Сондай-ақ, жапондық төрт рет Гран-при финалында, бір рет - командалық әлем чемпионатында жеңіске жеткен.