Жапондық «Ниссан» компаниясы «алғашқы бұқаралық электромобильді» таныстырды

АСТАНА.   Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат -  Жапондық  «Ниссан» автокомпаниясы   "Лиф" /Leaf/ деп  аталатын     электромобильдің  жаңа үлгісін      таныстырды.   

Жапондық  «Ниссан»  компаниясы  «алғашқы бұқаралық  электромобильді» таныстырды

Бұл марка  Жапония мен АҚШ-та   сатылымға   2010 жылы шығарылады,  ал  қалған   әлемде - 2012 жылы    пайда болады деп күтілуде.

«Бұл модель - автокөлік жасау саласындағы    үлкен  жаңалық.     Толық экологиялық   қауіпсіз электромобильдің    бұқаралық    өндірісі   алғаш рет  қолға алынады», - деді   «Ниссан»  президенті  Карлос Гон  Иокогамада  өткен     таныстырылымда. «Ниссанның» жаңа   электромобилі   160 шақырымдай  қашықтыққа  қайта  зарядтаусыз  жүруге мүмкіндік беретін   жинақы  иондық-литий  аккумулятормен   жарақталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне  сілтеме  жасап