Жапондық Окинава аралының губернаторы АҚШ үшін база құрылысын тоқтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапондық Окинава аралының губернаторы Такеши Онага жаңа американдық әскери база тұрғызуды тоқтатуға пәрмен берді.

Жапондық Окинава аралының губернаторы АҚШ үшін база құрылысын тоқтатты

Онаганың айтуынша, жасанды құрлық учаскесін жасау жұмыстары барысында жағалаудағы маржан жартастарына зақым келтірілуі мүмкін, деп хабарлады Би-би-си .

Онага 2014 жылғы қарашадағы сайлауда база салуды тоқтатуға уәде беріп, жеңіске жеткен болатын.

Жапония мен АҚШ бұдан 20 жылға жуық уақыт бұрын жаңа база салуға уағдаласқан еді, алайда құрылыс жұмыстары жергілікті тұрғындардың қарсы болуынан кейінге ысырылып келді.

Окинава Жапониядағы бірнеше мыңдаған американ әскерилерінің базасы болып қызмет етуде.