Жапондық өрмекші өрмегінен скрипканың шегін есіп шықты

АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Жапондық зерттеуші өрмекші өрмегінен скрипкаға шек есіп шықты, деп хабарлады Би-Би-Си.
None
None

Сыншылардың пікірінше, бұл шектер жұмсақ, металдан немесе малдың тарамысынан жасалған шектерден гөрі әуезді дыбыс шығаратын көрінеді. Physical Review Letters ғылыми журналының хабарлауынша, мұндай қасиеті тіндерінің тығыз өрілуінен болса керек.

Нара медициналық университетінің қызметкері Сигэёси Осаки өрмекші жібінің механикалық қасиеттерін көптен бері зерттеп жүр. Ол өрмек талшықтарының физикалық табиғатын зерттеп, оның беріктігін және басқа да қасиеттерін анықтады. Ол қолда өсірілген өрмекшілерден алынған талшықтарды жетілдіру әдісін тапты.

Осаки өрмегі күрделі Nephila maculate өрмекшісі өрмегінен талшықтар алды. Одан ескен өрмек талшықтары нейлоннан та берік болып шықты. Бұл скрипканың шек үшін таптырмайтын материал. Оның үстіне кәсіби музыканттар бұл шектердің дыбысталуы бірегей екен деген пікірін айтқан.

Соңғы жаңалықтар