Жапондық пойыз жылдамдықтың әлемдік рекордын орнатты
АСТАНА. ҚазАқпарат -Сынақ кезінде сағатына 603 шақырымға дейін жылдамдықпен жүрген магниттік жастықшадағы жапондық пойыз жылдамдықтың әлемдік рекордын орнатты, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
Рекорд Фудзи тауының жанындағы Яманаси префектурасындағы сынақ жүргізу учаскесінде орнатылды. Таяу апталарда жапондық билік көздері Токио мен Нагоя қаласының арасында жүрдек пойызды аттандырмақшы . Күтіліп отырғандай, пойыз 208 шақырым жолды небәрі 40 минуттың ішінде жүреді.
Пойыздардың мұның алдындағы жылдамдық рекорды Жапонияда 16 сәуірде орнатылған: ол кезде жылдамдық сағатына 590 шақырымды құраған болатын.