Жапондықтар әлемдегі ең қуатты суперкомпьютерді іске қоспақ

АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат - Fujitsu компаниясы әлемдегі ең қуатты есептегіш кешеніне арналған «К» жүйесі деп аталатын аппараттық блоктардың жеткізілімін бастағанын хабарлап отыр. Суперкомпьютер екі жылдан кейін жұмыс істей бастайтын болады,
None
None

деп хабарлайды "Компьюлента" интернет-басылымы.

Суперкомпьютер 10 санының 16-шы дәрежедегі атауын білдіретін жапондық "kei" сөзінің құрметіне аталып отыр. Басқаша сөзбен айтқанда, егер бәрі ойдағыдай болса, іске қосылған кезде бұл жүйе 10 петафлопске дейінгі қуатқа ие болады (петафлопс - компьютердің секундына жылжымалы нүктелі 1 квадриллионға дейін (24 нөлі бар бірлік) есеп шығару мүмкіндігі). Салыстырар болсақ, АҚШ-тың Оукридж ұлттық зертханасындағы қазіргі ең қуатты суперкомпьютер саналатын Jaguar кешенінің қуаты 1,76 петафлопсты құрайды.

«К» суперкомпьютері Жапония Мемлекеттік институтында (Riken) құрастырылатын болады және ол жалпы алғанда 800 компьютер тұратын орынды алады.

Соңғы жаңалықтар