Жапондықтар әлемдегі ең жылдам лифті жасап шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Hitachi Ltd электротехника өндіретін ірі жапондық компания сағатына 72 шақырымға дейін жылдамдықпен қозғалатын әлемдегі ең жылдам лифті жасап шығарған. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
None
None

Осыған дейін Тайвань лифтісі ең жылдам жеделсаты ретінде саналатын. Оның қозғалыс жылдамдығы сағатына 60,6 шақырымға дейін жететін.

Hitachi мамандарының сөзіне қарағанда, жаңа лифтіні жасауда жоғары жылдамдыққа қол жеткізу үшін олар қуатты қозғалтқыш пен бұрынғыдан әлдеқайда жеңіл арқандарды пайдаланған.

Жаңа конструкцияны келесі жылдан бастап Қытайдың Гуанчжоу қаласында салынып жатқан биіктігі 530 метр болатын 111 қабатты ғимаратта пайдалана бастайды.

Hitachi өзінің өнімін Қытай нарығына жылжытуды жоспарлап отыр. Бұл елде лифтіге қажеттілік әлемдік сұраныстың 60 пайызын құрайды, деп хабарлады компанияның өкілі Тосиюки Оно.

Соңғы жаңалықтар