Жапондықтар биоотынмен жүретін автобус шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапондықтар өздерінің таяудағы зерттемесін жүзеге асырды. Олар биоотынның жаңа түрімен жүретін автобусты жасап шығарды. Бұл отын эвглендік балдырлар негізінде жасалған екен, деп жазады Росбалт.

Жапондықтар биоотынмен жүретін автобус шығарды

Бұл жаңашылдықты Isuzu және Euglena компаниялары әзірлеп шығарды. Олардың айтуларына қарағанда, автобус жаңа отын құйылған толық багімен күніне бағдарға 22 рет шығуға қауқарлы.

2018 жылға қарай олар 100 пайызға жасыл балдырдан тұратын отынды жасап шығармақ.

Бүгінде отын құрамында тек 1 пайыз ғана өсімдік құрамдауышынан тұрады. Осы орайда болашақ жағармайын жасап шығаруға қажетті майлы заттар балдырларда бар көрінеді.