Жапондықтар көзілдірік-аудармашы құралын жасап шығарды
АСТАНА. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат - NEC корпорациясы TeleScouter шетелдік сөздерге талдау жасайтын және аудармасын көзілдірік иесінің көз алдына әкелетін көзілдіріктерді жасап шығаратындығы туралы жариялады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. Ру сайтына сілтеме жасап.
Шетелдіктердің сөздерін жазып алу үшін тек микрофон ғана емес, камера да пайдаланылады. Көзілдірік жинақталған ақпаратты шағын портативті компьютерге береді, ал ол аудармамен айналысатын желіге - арнайы серверге қосылған.
Көзілдірік бір көзді жартылай көлегейлегені болмаса адамның жанарына кедергі етпейді. Аударманы адам көзілдірік арқылы субтитр ретінде қабылдайды.
NEC корпорациясы көзілдірікті 2010 жылдан бастап шығарып, ал аударма қызметіне 2011 жылдан бастап қоспақшы.