21:23, 10 Тамыз 2015 | GMT +5
Жапондықтар өлшемі планшетпен бірдей жеке көлік құрастырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапониялық Cocoa Motors компаниясы "жеке транспортер" құрастырды, оның салмағы небәрі 3 келіге дейін және ол сөмкеге сыяды.
Инженерлер инновациялық құрылғыны WalkCar доңғалақтағы айпэд деп атайды. Ол күзде сатылымға шығады деп күтілуде, деп хабарлады Reuters.
WalkCar сырт пішінімен скейтбордқа ұқсайды. Қалталық транспортер 120 келіге дейін салмақты көтере алады. Сағатына 10 шақырымға дейін жүруі мүмкін. WalkCar корпусы алюминийден жасалған, ол литий батареясынан күш алады. Үш сағаттай зарядталған соң көлік құралы 12 шақырымға дейін жүре алады.