Жапондықтар жаңа жылдық «бақыт қапшығын» сатын алуға кезекке тұрды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда бірнеше жылдан бері сақталып келе жатқан жаңа жылдық дәстүрлердің бірі - басталған жылдың алғашқы жұмыс күндері арнайы «бақыт қапшығының» сатылымға түсуі. Ол қораптың ішінде не бар екенін тек сатушы біледі.
Сауда желілерінің сақтауы тиіс басты қағидасы - "Фукубукуро" бағасы қапшық ішіндегі затпен тең не жоғары болады.
Сонымен, токиолық дүкендердің бірі «бақыт қапшығына» 200 млн иен тұратын гауһар жасырған. Ерекше сыйлықты алу үшін кей сатып алушылар 1 қаңтар күні таңертеңнен бастап есік күзеткен. Дүкендердің біріне «бақыт қапшығын» сатып алу үшін 20 мың сатып алушы кезекке тұрған.
Үрдіс жапондықтар үшін дәстүрге айналып отыр. Бұл тосын сый, жақсылыққа үміттендіріп, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайды.