Жапония 2022 жылы футболдан Әлем чемпионатын қабылдауға әзір
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония футбол қауымдастығының президенті Даини Куния өз елінің 2022 жылы футболдан Әлем чемпионатын қабылдауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Day.Az агенттігі хабарлады.
«Егер FIFA Катардан басқа ел іздейтін болса, бізде барлық әлемдік талаптарға жауап беретін стадиондар қазірдің өзінде бар деп айтар едім. Біз бүгінде 2020 жылғы Олимпиаданы өткізу құқығын жеңіп алдық, енді әлем чемпионатын да өткізуді қалаймыз. Дегенмен, бұның мүмкін екендігін толық білмеймін», - дейді Кунии.
Айта кетейік, ӘЧ-2022 өткізу құқығы Катарға берілген болатын.
Алайда турнирді өткізуге дайындық барысында көптеген жемқорлық дау-дамайдың шығуына байланысты, бұл мәселе екіұшты болып тұр.