Жапония 2035 жылға қарай энергияның 90%-ын экологиялық таза жолмен өндіруі мүмкін
Құжатқа сәйкес, үлесті 90%-ға дейін арттыру 2020 жылмен салыстырғанда электр энергиясы шығындарын 6%-ға, ал энергетика секторындағы қалдықтарды 92%-ға қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, зерттеуде экономикалық, экологиялық және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2023 жылдан кейінгі кезеңге жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) енгізу бойынша нақты саясат керек делінген.
Былтыр Жапония G7 тобымен кездесу аясында 2035 жылға қарай климаттың өзгеруімен күресу үшін энергетика секторларын айтарлықтай дәрежеде көміртексіздендіру міндетін алды, бірақ Токио бұл мақсатқа жету үшін нақты жол салып алуы керек, деп жазды басылым.
Жапония электр энергиясын өндіруде ЖЭК үлесін арттыру арқылы 2030 жылға қарай парниктік газ қалдығын 46% қысқартуды көздеп отыр. Қазір ел әлемде қалдық көлемі бойынша бесінші орында тұрғанымен, 2050 жылға қарай көміртек бейтараптағына жетуге ұмтылып жатыр.
Бүгінде Жапония өзінің энергетика секторында пайдаланылатын отынның барлығын дерлік импорттайды, Бұл елдің энергетикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Күн, жел, гидроэнергетика, биомасса, сутек және ядролық көздерден өндірілетін таза электр энергиясы жалпы көлемнің 24%-ын құрайды.
Жапония үкіметі 2035 жылға қарай ЖЭК пен теңіз жел энергиясы үлесін 70%-ға жеткізуді көздейді. Ал атом және газ энергиясының үлесі - 20% және 10%. Жұмыс істеп тұрған көміртек электр станцияларына келер болсақ, олар біртіндеп эксплуатациядан шығарылады, делінген зерттеуде.
Автор: Серикбол Кошмаганбетов