Жапония Африкаға 32 млрд. доллар көлемінде инвестиция құймақ

АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат - Жапония Африканың дамуына 32 млрд. доллар бөлуге ниет танытып отыр.
None
None

РБК агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Иокогамада өткен конференция барысында Жапонияның Премьер-Министрі Синдзо Абэ мәлім еткен.

Алдағы 5 жылдың ішінде Африка мемлекеттері жапон үкіметінен 14 млрд. доллар инвестиция алатын болады. Сонымен қатар Токио инфрақұрылымдық жобаларға тағы да 6,5 млрд. доллар бөлуге уәде етті. Ал қалған қаражатты жапондық компаниялар береді.

«Африка экономикасының жеке секторына инвестиция қажет. Егер де біз бұл фактіні ашық мойындар болсақ, онда африкалық мемлекеттерге көмек бағдарламасында шынымен де төңкеріс орын алады», - деді С.Абэ.

Соңғы жаңалықтар