Жапония, АҚШ және Оңтүстік Корея бірлескен әскери жаттығуларын бастады
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 13 қарашада Жапония, АҚШ және Оңтүстік Корея Шығыс Қытай теңізінде үстіміздегі жылдың маусым айынан бері «Freedom Edge» атты екінші әскери жаттығуын бастады. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Басылымның мәліметінше, Freedom Edge 24-2 жаттығулары Жапония, АҚШ және Оңтүстік Корея қорғаныс министрлері қол қойған қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес өтуде.
— Меморандумға қол қою барысында Жапония, АҚШ және Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрлері Корей түбегінде, Үнді-Тынық мұхиты аймағында және одан тыс жерлерде бейбітшілік пен тұрақтылыққа үлес қосуға ниетті екендіктерін білдірді, — делінген хабарламада.
Жаттығуларға Жапонияның «Хагуро» эсминеці (әскери кеме түрі), «Orion Р-3» патрульдік ұшағы, F-15 және Mitsubishi F-2 жойғыш ұшақтары, «Boeing Е-767» қатысуда. Оңтүстік Корея тарапынан екі эсминец, соның ішінде «Соэ Рю Сон Рён», Orion Р-3 патрульдік ұшағы және F-15 жойғыш ұшағы қатысып жатыр.
АҚШ тарапынан ядролық ұшақ тасығыш, Джордж Вашингтон, «Higgins» эсминецтері, «McCampbell», «Dewey», Boeing P-8 Poseidon патрульдік ұшағы, F-15 және F-18 жойғыш ұшақтары, Boeing KC-135 транспорт танкерлері жұмылдырылған.