10:03, 26 Шілде 2015 | GMT +5
Жапония астанасы маңда тұрғын үйдің үстіне жеңіл ұшақ құлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Токиоға жақын маңдағы жапондық Тёфу қаласында тұрғын үйдің үстіне жеңіл ұшақ құлады, деп хабарлады ТАСС.
Оқиға орны тікелей бейнелеген кадрда үйіндіден шыққан түтін анық көрінеді. Бір үй толықтай жанып кетіп, тағы екі үй зақымданған, ауладағы екі көлік те өртке оранған. Өрт сөндіру қызметінен хабарлағандай, үйде төрт адам болған, тағы бір адам ұшақта қалып қойған. Қираған үй үйінділерінің астынан құтқарушылар үш адамды алып шықты, оның екеуі ессіз күйде. Басқа зардап шегушілер туралы мәлімет әзірге жоқ. Алайда жарақат алғандар саны артуы мүмкін. Kyodo агенттігінің хабарлауынша, ұшақ бес адамға арналған, бірақ оның ішінде жолаушылардың болған-болмағандығы анықталып жатыр.
Оқиға орнында құтқарушылар, өрт сөндірушілер жұмыс істеуде. Ұшақтың құлау себебі әзірге белгісіз.