Жапония астанасын өзгертуге дайындалып жатыр

АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Жапонияның билігі табиғи апат немесе лаңкестік әрекет кесірінен туындайдын қиындықтардан қашу үшін Токио қаласының елордалық қызметінің жартысын елдің басқа қаласына беруге мүдделі.

Жапония астанасын өзгертуге дайындалып жатыр

Қосымша астана құру туралы шешімді Жер, инфарқұрылым, көлік және туризм министрлі жанындағы арнайы комиссия шешуі керек. Жоспар бойынша елдің екінші елордасы бір апат екі орталыққа да зардабын әкелмес үшін Токио қаласынын айтарлықтай қашықтықта орналасатын болады, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Хонсю аралының оңтүстік-батысында орналасқан ірі қала және Жапонияда тұрғындар саны бойынша үшінші қала Осака ел астанасы болады деп айтылуда.