Жапония атом электр стансасын қайта іске қоспақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда атом энергетикасын бақылау бойынша комитет «Сэндей» АЭС-нің бірінші және екінші энергиялық блогын қауіпсіздіктің жаңа нормаларына сәйкес келеді деп таныды.

Жапония атом электр стансасын қайта іске қоспақ

Осы арқылы «Сэндей» 2011 жылы «Фукусима» стансасындағы апаттан кейін қайта іске қосылған бірінші АЭС болып табылады. Атап айтқанда, «Сэндей» стансасы қауіпсіздіктің жаңа стандарттарын ескере отырып қайта жасақталған, деп жазады ВВС.

Жапония билігінің уәдесіне қарағанда, енді «Сэндей» АЭС-і табиғи апаттарға төтеп беруге қауқарлы болып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылдың көктеміндегі жер сілкінісі мен цунамидің салдарынан «Фукусима-1» атом электр стансасында аса ірі апат орын алғаннан кейін, Жапонияда барлық атом электр стансалары тоқтатылған еді. Қазіргі кезде ел үкіметі аталған АЭС-ті қайта қосуға талпынуда. Бұл өз кезегінде осы елдегі электр энергиясына қажеттіліктің басым бөлігін қамтамасыз етпек.

Өткен жылдың шілдесінде Жапонияда ядролық нысандар үшін қауіпсіздіктің жаңа нормалары күшіне енді.