Жапония банкоматтарынан екі сағаттың ішінде 13 млн доллар ұрланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіл Жапония аумағындағы 1,4 мың банкоматтан екі сағаттың ішінде жалпы алғанда 1,4 миллиард иен (13 миллионға жуық доллар) сомадағы ақша ұрланды.

 Жапония банкоматтарынан екі сағаттың ішінде 13 млн доллар ұрланды

Бұл туралы The Japan Times-қа сілтеме жасаған Lenta.ru хабарлады.

Оқиға 15 мамырда орын алған, алайда бұл туралы тек енді ғана белгілі болып отыр. Қолма қол ақшаны заңсыз алу оқиғалары Токио қаласында және тағы 16 префектурада тіркелген. Тергеушілер қылмысқа 100-ге жуық қаскүнем қатысты екенін жобалап отыр. Шамамен 14 мың транзакцияның әрқайсысының барысында олар 100 мың иен (900 доллардан көп) сомада ақша шешкен. Бұл ретте ОАР банктерінің бірінен ұрланған пайдаланушылардың мәліметтері жазылған жалған пластик карточкалары пайдаланылды.

Құқық қорғау органдары қызметкерлері ұрлыққа ірі халықаралық қылмыстық ұйымдасқан топтың мүшелері қатысы бар деп санайды.

Қазіргі кезде полиция ақшаны ұрлағандарды анықтау үшін бейнебақылау таспаларындағы жазбаларды тексеріп жатыр.