Жапония Батыс Африкаға Эбола вирусы эпидемиясымен күресу үшін дәрігерлер жібереді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония үкіметі Батыс Африка еліне Эбола вирусы эпидемиясымен күресу үшін 23 адамнан тұратын дәрігерлер тобын жіберуге ниетті, деп хабарлады елдің СІМ басшысы Фумио Кисида. Қазіргі уақытта ол Нью-Йоркте БҰҰ түрлі шараларына қатысуда.
Қазір Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының желісі бойынша Батыс Африка елінде Эбола вирусы эпидемиясымен күреске 4 жапондық дәрігер тартылды. Бұл мақсатқа Токио 5 млн. доллар бөлді, әрі бұл соманы ұлғайтуды жоспарлауда.
Бұдан басқа, Жапонияда екі жекеменшік фармацевтикалық компания эпидемияның таралуына кедергі келтіретін препарат әзірлеген. Алайда ол әзірге жеткілікті клиникалық сынақтан өткен жоқ.