Жапония билігі елдің солтүстік шығысын қалыпқа келтіру үшін қосымша $50 млрд бөледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония үкіметі 2011 жылы наурызда болған цунами және жер сілкінісі салдарынан жапа шеккен елдің солтүстік шығысындағы аудандарды қалыпқа келтіру үшін қосымша 6 трлн иен (шамамен $50 млрд) бөледі.
Бұл туралы Киодо ақпараттық агенттігі хабарлады.
Осылайша, Жапония билігі елдің солтүстік шығысын қалыпқа келтіру үшін жалпы алғанда 30 трлн иеннен астам ($250 млрд астам) қаражатты жұмсамақ. Оның негізгі бөлігі көп залал келтірілген Ивате, Мияги және Фукусима префектураларында жаңа үйлердің құрылысына, сондай-ақ аймақтағы алдағы уақытта болуы мүмкін табиғи апаттарға дайындық жұмыстарына бағытталады.
9,0 магнитудалы жер сілкінісі мен 2011 жылдың наурызындағы цунами салдарынан Жапонияда 18 мыңнан астам адам қаза тапты. 350 мыңнан астамы баспанасыз қалса, тағы 600 мыңы қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды.