Жапония билігі "Хаябуса-2″ ғаламшараралық зонд құруға шығынды жүз есе көбейтеді
АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жапония билігі "Хаябуса-2″ /"Қыран"/ ғарыштық зонд құруға 2011 қаржылық жылына арналған бюджет шеңберінде /3 млрд иен/ 36 млн доллардан астам қаржы бөлуді ұйғарды. Бұл туралы бүгін токиялық БАҚ хабарлады, бұл сома ағымдағы қаржылық жылда жобаны жүзеге асыруға кеткен шығыннан жүз есе көп.
Жапонияның бір жақты жоспарларымен байланысты жаңа ғаламшараралық аппарат әзірлеуге бөлінетін қаржының мұншалықты өсуі 2003 жылы іске қосылған, оның негізін салушы "Хаябуса-1″ жетістігін дамытуды көздеп отыр.