Жапония экономиканы қолдауға 62 млрд. доллар бөледі
АСТАНА. Қазанның 11-і. ҚазАқпарат - Жапония Үкіметі дағдарысқа қарсы шаралардың 5,1 трлн. иен (62 млрд доллар) көлеміндегі жаңа пакетін мақұлдады. Мақсаты экономикалық өсімге қолдау көрсетіп, иеннің бағамы көтеріліп отырғанда шағын бизнеске қолдау көрсету болып табылады,
деп хабарлайды Ленту.ру Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
Аймақтар мен шағын бизнеске қолдауға жалпы инвестициядан 3,1 трлн. иен шамасында қаржы жұмсалмақ. Жоспардың қалған бөлігі шетелдік жобаларға кетеді. Өйткені жапон үкіметі қымбат иеннің игілігін пайдаланып қалғысы келеді, атап айтқанда шекараның әр жағынан арзан бағаға тауар сатып алуды көздеуде.
Пакетке көлемі көрсетілмеген жер бетінде сирек кездесетін металдардың жаңа көзін іздестіріп, табу да енгізіліп отыр. 2010 жылы Жапонияда осы рынок монополисінің мұндай элементтерді Қытайдан тасу үзіліп қалған болатын.