Жапония экономикасы өсімінің қарқыны төмендеп келеді

АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Жапония экономикасы болжанған деңгейден баяу өсіп келеді. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Жапония экономикасы өсімінің қарқыны төмендеп келеді

Биылдың екінші тоқсанында Жапонияның жалпы ішкі өнімі 0,6 пайызға өсті. Жылдық есептеу бойынша бұл өсім 2,6 пайызды құрап отыр, алайда сарапшылар аталған көрсеткіш 3,6 пайызға жетеді деп болжаған еді.

Бірінші тоқсанда жапондық экономика жылдық мәнде 4,1 пайызға өскен болатын.

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің кабинеті ел экономикасын тұралаудан шығару үшін елеулі күш-жігер жұмсап жатыр. Атап айтқанда, осы мемлекетте бұл стагнациялық ахуал 20 жылға жуық уақытқа жалғасып келеді.