Жапония есепке алуда 80 ядролық бомба жасауға жететін плутонийді «ұмытып» кеткен
МАГАТЭ үшн 2012 және 2013 жылдардағы жапондық баяндамаларға сәйкес елдегі плутоний қоры 1,6 тоннаны құрайды, ал бұл көрсеткіш 2011 жылы шамамен 2,2 тонна болған еді. Соңынан анықталғандай, «жоғалған» 2011-2012 жылдар арасындағы 640 келі полутоний осы кездері МОКС-отын ретінде «Гэнкай» (Жапонияның оңтүстігіндегі Сага префектурасы) АЭС реакторларының бірінде сақталған. Елдегі барлық атом электр стансасы сияқты, АЭС «Фукусима-1»-дегі апаттан кейін тоқтатылған болатын, дегенмен онда сақталған отын пайдалану есебінде тұрған. Сондықтан да жапондық ресми адамдар оны халықаралық реттеуші үшін баяндамаға кірістірмеу жөнінде шешім қабылдаған.
Ескерілмеген плутоний шамамен 80 ядролық бомба жасауға жеткілікті. Дегенмен, Жапонияның атом энергетикасы жөніндегі комиссиясы құжаттамадағы қателік ел билігінің қауіпті материалдар қорларына бақылауының әлсірегенін білдірмейтінін атап өткен.
«Плутоний қорлары қауіпсіздігіне қатер туындаған жоқ», деп атап өтілген комиссияның мәлімдемесінде.
Бұдан бұрын Жапония АҚШ-пен Вашингтонға шамамен 331 келі жоғары дәрежеде байытылған плутонийді одан әрі өңдеу үшін беруге уағдаласқан болатын. Бұл шешім Жапониядағы плутонийдің қарулық қорлары халықаралық лаңкестердің нысанасына айналуы мүмкін деген қауіппен американдық тараптың өтінішімен қабылданған еді.