Жапония фермерлерді роботтармен алмастыруға 37 миллион доллар бөлмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония фермерлер шаруашылықтарының қызметкерлерін роботтарға және ұшқышсыз техникаға алмастыру бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті, деп хабарлады Bloomberg.

Жапония фермерлерді роботтармен алмастыруға 37 миллион доллар бөлмек

Бірақ та адамдарды қысқарту жоспарланып отырған жоқ, ал техника зейнет демалысына шығатын адамдарды ғана ауыстырады. Жаңа бағдарламаның басталғаны туралы Жапония ауыл шаруашылығы министрі Хироши Дайдо G7 бойынша әріптестерімен Ниигате префектурасында азық-түлікке сұраныстың өсуін талқылау барысында мәлімдеді.

Хироши Двайдоның түсіндіруінше, Жапониядағы фермерлердің орта жасы 67 жас. Жыл асқан сайын өздерінің орнын басатын адамдарды табу қиындап барады, ал жастар жермен жұмыс жасауға құлықсыз. Сондықтан да роботтарды ауыл шаруашылығында белсенді пайдалану бұл саладағы жұмыс қолы жетіспеуі проблемасынан құтылуға мүмкіндік береді.

Министрдің айтуынша, осы бағдарламаны жүзеге асыруға бір жылда 4 млрд. иен (37 миллион доллар) жұмсалатын болады. Қаражат ауыл шаруашылығы робот техникасын енгізуге, сондай-ақ роботтардың жаңа 20 үлгісін жасауға кетеді. Сондай-ақ егін жинау кезеңінде шабдалының піскен жемістерін анықтайтын роботтар шығару да көзделуде.