Жапония императоры 79 жасқа толды

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жапония императоры Акихито бүгін 79 жасқа толды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Жапония императоры 79 жасқа толды

Ағымдағы жылдың ақпанында жапондық монархтың жүрегіне бірнеше мәрте ота жасалып, ол өзінің міндеттерін мұрагерлік ханзада Нарухитоға бірнеше айға тапсыруға мәжбүр болды. Акихитоның туған күні қарсаңында өткен баспасөз мәслихатында император жүрегіне ота жасатуға оның денсаулық жағдайы ғана емес, келер жылдың 11 наурызы күні өтетін 2011 жылғы Ұлы шығыс жер сілкінісінің құрбандарын еске алуға арналған іс-шараға қатысу ниеті жетекшілік еткендігін айтты.

«Мен бұл рәсімге міндетті түрде қатысуға ниет білдірдім. Операция осымен байланысты жасалды», - деді император.

Акихито сондай-ақ жасына қарамастан, өзінің міндеттерін бұдан әрі де атқара беру ниетін жеткізді. Еске салайық, оның әкесі Хирохито оларды 80 жастан асқаннан кейін де атқарды.