Жапония императоры Акихито ауруханаға жатқызылды
АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Жапония императоры 78 жастағы Акихито ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады Associated Press жапондық ресми-АҚ-қа сілтеме жасап.
Император Токио университеті жанындағы ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер ишемия сырқатына күдіктеніп, императорды кардиологиялық тексеруден өткізуде.
1989 жылы әкесі Хирохито қайтыс болғаннан кейін таққа отырған Акихито көп уақытын император отбасы мен қарапайым жапондықтар арасындағы алшақтықты қысқартуға күш-жігерін жұмсап келеді.