Жапония императоры Акихито тақтан бас тартпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония императоры Акихито көзінің тірісінде ұлы Нарухитоға тағын бермек. Бұл туралы аталғант елдің «NHK» қоғамдық телеарнасы хабарлады.
None
None

Мұндай ақпаратты император сарайының іс жүргізу басқармасынан бірнеше ақпарат көзі таратқан, деп жазды «ТАСС» агенттігі. 

Акихито 1933 жылы 23 желтоқсанда дүниеге келген. Ол император Хирохитоның үлкен ұлы. Ағылшын тілін жетік меңгерген, тарих, биология және ихтиология саласында зерттеулермен айналысқан. 25 ғылыми жұмыстың авторы, ұлттық ихтиология қоғамдастығының мүшесі.

Соңғы жылдары денсаулығының нашарлауына байланысты Акихито өзінің бірқатар қоғамдық міндеттерінен бас тартып, оны үлкен ұлы, тақ мұрагері Нарухитоға жүктеп жүр.

Соңғы жаңалықтар