Жапония императоры Хирохитоның өмірбаяны 12 мың парақ болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда бұрынғы императорр Хирохитоның көлемі 12 мың беттік өмірбаяны жарияланды, деп хабарлады Император сарайының басқармасы.

Жапония императоры Хирохитоның өмірбаяны 12 мың парақ болды

Бұл туралы moya-planeta.ru сайты жазған.

Император Сёваның (Хирохитоның шын есімі) ғұмырнамасы бір топ ғалымның 24 жылдық еңбегінің жемісі.

Император Сёваның (1901-1989) билік құруы Жапония тарихындағы ең ұзақ кезең болды. Сол кезде елде қайғылы және ауқымды оқиғалар орын алды: Екінші дүниежүзілік соғыс, Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасының тасталуы, Жапонияның тізе бүгуі және амеркандық жаулап алу, Токиодағы Олимпиадалық ойындар (1964), елді қалпына келтіру және Жапонияны әлемдегі екінші экономикаға айналдыру.

Оның ғұмырнамасы бұған дейінгі ең көлемді саналған император Мэйдзидің (Муцухито, 1867-1912) өмірі туралы еңбектен бір жарым есе үлкен болып шыққан. Оның кезінде Жапонияда реформалар жасалды, еуропалық жетістіктер белсенді қолданыла бастаған еді.

Сёваның ғұмырбаяны 3000 тарихи құжаттарға сүйенген, оның 40-ы алғаш рет жарияланып отыр. Бұлар - императордың өзінің күнделік жазбалары және мектептегі шығармалары, ғұмырбаяны мен оның айналасындағылардың жазбалары және басқа да құжаттар.