Жапония Қазақстаннан жылқы етін алуға қызығушылық танытты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық эпизоотиялық бюро Бас ассамблеясы барысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаеваның төрағалығымен қазақстандық делегация жапониялық әріптестерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жапония Қазақстаннан жылқы етін алуға қызығушылық танытты

Аталған ведмоство барысында Жапония делегациясын Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы министрлігінің өкілі, азық-түлік қауіпсіздігі және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Норио Кумагай басқарған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін екі елдің де бизнес өкілдері Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне Қазақстаннан Жапонияға жылқы етін экспорттау жөніндегі жапон ветеринарлық қызметімен келіссөздер жүргізуді сұраған болатын. Қазақстандық ветеринарлық қызмет қажетті материалдарды дайындап, жапондық әріптестеріне жіберген.

Жапон тарапы Қазақстаннан Жапонияға экспорттау үшін жылқы етінің ветеринариялық сертификаты стандартының тиімділігін бағалау үшін сауалнама алуды растады. Ветеринарлық қызмет ветеринариялық сертификаттың жобасын алдын ала мақұлдады.

Дегенмен, жапон заңына сәйкес, Қазақстан туралы ақпарат Жапонияның Еңбек және денсаулық сақтау министрлігі тарапынан қарастырылады. Мемлекеттік органнан оң қорытынды алғаннан кейін жапондық тарап ветеринарлық сертификатпен келісуге дайын.