09:54, 23 Қыркүйек 2020 | GMT +5
Жапония қазанда шетелдіктерге шекарасын ішінара ашады
ТОКИО. Киодо – ҚазАқпарат – Жапония 1 қазаннан бастап сапарға арналған шектеулерді жұмсартып, елде үш айдан астам уақыт қалуды жоспарлаған шетел азаматтарына елде қалуға рұқсат ету мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Киодо агенттігіне сілтеме жасап.
Қазір Жапонияда 159 мемлекет пен аймаққа елге кіруге тыйым салынған.
Сондай-ақ Asahi газетінің жазуынша, ел билігі туристік сапалардан бөлек мақсатта елге кіру мүмкіндігін де кеңейтуге ниет білдіріп отыр. Осылайша, қарашада Жапонияның Токио, Осаку, Фукуоку, Нагою және Саппоро сынды ірі қалаларындағы халықаралық әуежайлар күніне 20 мың адамға дейін қабылдай алады.