Жапония кит аулауды қайта бастамақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кит аңшылығы бойынша Халықаралық комисссияның шешіміне қарамастан, Жапония билігі келесі жылы Антарктикада киттерді аулауды қайта бастамақ, деп жазады ВВС.

Жапония кит аулауды қайта бастамақ

Жапонияның бұл бастамасы ғылыми мақсатта емес екенін ескерткен Халықаралық комиссия кеше кит аңшылығының заңсыздығына қатысты қаулы шығарды. Жапония үкіметінің бас хатшысы Ёсихидэ Суга комиссияның ол шешімімен келіспей, киттерді зерттеу мақсатында аулағалы отырғанын айтты. Дегенмен, өлтірілген киттердің еті Жапонияда сауда орындарына түсетіні белгілі.