Жапония Қытайдың әскери әлеуетіне алаңдаулы

АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Жапонияның Қорғаныс министрлігі өзінің жыл сайынғы есебінде Қытайдың әскери әлеуетінің тез нығаюына және Бейжіңнің геосаяси ниетінің, оның қорғаныс мүмкіндіктері мен әскери шығыстары деңгейінің ашық еместігіне алаңдаушылық білдірді.

Жапония Қытайдың  әскери  әлеуетіне  алаңдаулы

Бұл туралы Utro.ru сайты хабарлады.

«Қытайдың әскери-теңіз және әскери-әуе күштерінің модернизациялануын назарға ала отырып, Қытайдың іс-қимылының аясы өз акваториясымен шектеліп қалмайтынын айтуға болады. Қытайдың әскери бюджеті соңғы бес жылда 70 пайызға дерлік артты, ал бұл кезеңде Жапонияның қорғаныс саласындағы мемлекеттік шығысы 3 пайызға қысқарып отыр», - делінген Жапония Қорғаныс министрлігінің есебінде.