2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Жапония Марсқа шағын зерттеу аппаратын жібергелі жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапондықтар Марсты зерттеу үшін 2020 жылға қарай кішігірім және арзан аппарат жасауды көздеп  отыр. Оның салмағы бар болғаны 140 келі болмақ.

 Жапония Марсқа шағын зерттеу аппаратын жібергелі жатыр

Бұл алдыңғы құрылғылардан он есе жеңіл, деп хабарлайды ТАСС агенттігі Yomiuri басылымына сілтеме жасап. Мұндай аппараттың құны да арзан, небәрі 1-2 млрд иенді (шамамен 8,5 - $17 млн) құрайды.

Әзірге АҚШ, Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері 2020 жылға қарай Марсқа салмағы ауыр зерттеу аппараттарын жіберуге ниеттеніп отыр. Бұл зондтардың біріне жапондық кішкентай аппаратты қондыру жоспарланған. Марс орбитасына шыққан соң ол бөлініп, планетаға жеке өзі қонатын болады.