Жапония мен Қазақстан Жолдаудың кейбір тармақтарын бірге іске асыра алады - Кей Карасава

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы қазандағы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін үлкен маңызға ие. Сондай-ақ ол жаһандық жүйе мен халықтың әл-ауқаты көптеген қиындықтар мен қақтығыстарға ұшыраған қазіргі кезде ерекше маңызды. Мұндай пікірді Токионың Халықаралық зерттеулер институтының деканы, «Ritsumeikan» университетінің құрметті профессоры, доктор Кей Карасава білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жапония мен Қазақстан Жолдаудың кейбір тармақтарын бірге іске асыра алады - Кей Карасава

«Жолдау Қазақстанның қарқынды дамуына негізделген қазақстандықтардың әл-ауқатының артуына: табыс пен өмір сапасын жоғарылатуға бағытталған. Президент атап өткендей, Қазақстан 20 жыл ішінде құрылымдық, конституциялық және саяси салаларда сапалы және тарихи маңызды реформаларды жүзеге асыруға қол жеткізді. Қазақстан ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне қарсы тұру үшін және одан әрі дамуы мен өркендеуі үшін әлеуметтік-экономикалық жүйені және өмір салтын реформалауға талпынғаны жоғары бағаланады. Сондықтан қазақстандық азаматтардың әл-ауқатын жақсарту, өмір сүру сапасы мен табыстың артуы сияқты бірқатар күрделі міндеттерді қою туралы Президенттің шешімі жақсы болып табылады», - дейді профессор.

Кей Карасава сондай-ақ Елбасының елді жаңғырту үшін тиісті саяси бастамаларды ұсынғанын ерекше атап өтті.

«Жолдауда айтылғандай, қарқынды өзгеріп жатқан жаһандық жағдайларды мойындай отырып, Президент Н.Назарбаев азаматтарға бағытталған мемлекеттік қызмет пен тиімді сыртқы саясат сияқты бірқатар саяси бастамаларды жүзеге асырады. Жаһандық қауіпсіздік жүйесінің негіздері және халықаралық сауда ережелері қатты шайқалуда. АҚШ, Қытай және Ресей сияқты ірі мемлекеттердің арасындағы саяси-экономикалық қайшылықтар мен қақтығыстар, миграциялық мәселелер, сондай-ақ Таяу Шығыс шиеленісіне  байланысты Еуропадағы саяси ахуалдың күшеюі жаһандық жүйенің іргетасын бұзудың негізгі факторлары ретінде әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіруде. Осыған орай, халықаралық қауымдастық еркін сауда мен жаһандық деңгейде ашық экономикалық жүйені қорғауға, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықтың бұзылуы мен жойылуына жол бермеуі тиіс», - деді ол.

Халықаралық сарапшы атап өткендей, Жапония мен Қазақстан ортақ мүдделер мен ұстанымдарды бөлісе отырып, ғаламдық тұрақтылық үшін ынтымақтастықтың әлемдік желісін бұзуға қарсы бірлесіп әрекет етуде. Екі ел көптеген бірлескен бастамаларды мемлекеттің ішінде жүзеге асыруға болатын ерекше ұстанымда тұр.

Жапония Президент Н.Назарбаев ұсынған Жолдаудың кейбір тармақтарын сәтті жүзеге асыру үшін Қазақстанмен сындарлы ынтымақтастықты орната алады. Жапония Қазақстанға медициналық, денсаулық сақтау және басқа да халыққа қамқорлық көрсету, экологиялық, ғылыми, технологиялық және білім беру саласында, сондай-ақ экономикалық,  өнеркәсіптік ынтымақтастық саласында жасанды интеллект, заттар интернеті және басқа да инфокоммуникациялық қызметтер сияқты салаларда нақты ынтымақтастықты ұсына алады.

Жапонияның экономикалық міндеттемесі мен Қазақстанға салынған  қаржы инвестициялары сұраныс өсіп келе жатқан уақытта жеткіліксіз деңгейде қалып отыр. Дегенмен, Жапонияның ірі бизнес және жеке секторлары Орталық Азияға өз көзқарастарын өзгерттіп келеді, бұл ахуалдың жаһандық өзгерісін көрсетеді. Яғни, Жапонияның бизнес секторы Н.Назарбаевтың бастамасымен іске асырылып келе жатқан «Ұлы Еуразия Тұжырымдамасына» түбегейлі көзқарас алуына ынталандырылды.

Осы мақсатқа жету үшін жапон капиталын, дағдыларын және білімін енгізу арқылы Қазақстандағы жағдайды жақсарту сұралады», - деп түйіндеді профессор Кей Карасава.