Жапония мен КХДР араға 10 жыл салып келіссөз жүргізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония мен КХДР ресми өкілдері Пхеньяньда он жылдын соң бірінші келіссөздерін жүргізді. Кездесуде жапониялық азаматтардың ұрлануы жайлы сөз қозғалды.
Солтүстік Корея 1970 - 1980 жж. агенттері 13 жапониялықты «өздерінің арнайы қызмет агенттерін жаттықтыруы үшін», оларға жапон тілін үйретіп, жапон мәдениетімен таныстыруы үшін ұрлағанын мойындады. Кейін бес жапондыққа үйіне қайтуға рұқсат берілген. Қалғандары Пхеньян сөздері бойынша, қаза тапқан. Токио бұған сенбейді. Олар бұдан да көп адам ұрланды деп есептейді.
Жапония мен КХДР арасында осы дауға байланысты ресми дипломатиялық қатынастар әлі күнге дейін орнатылмай келеді.