Жапония мен Оңтүстік Кореяға бие сүті экспортталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «AgroInvest Forum 2017» агроөнеркәсіптік инвестициялық форумы жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі таңда ҚХР компанияларымен астықты, майлы дақылдарды, өсімдік майын экспорттау үшін келісімшарттарға қол қойылса, Араб Әмірлігі мен Иранға жасымық тасу үшін компаниялармен келісімге қол қою пысықталуда, ал Ресей, Израиль, Гонконг елдерінің компанияларымен күнбағыс тұқымын, қатты бидай, ұн, ноқат, бұршақ, қой етін тасымалдау үшін келісөздер жүргізілуде.  Қытай нарығына сиыр, шошқа еттерін, сүт, құс өнімдерін, тірі жануарлар, соның ішінде жылқыларды шығару жоспарлануда», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов.

 Оның сөзіне қарағанда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып, Израил, Кувейт мемлкеттерінің ветеринаралық қызметімен қой етін жеткізу жолдарын, сондай-ақ Малайзия, Жапония, Оңтүстік Корея, Еуропалық Одақ мемлекеттеріне құрғақ бие сүтін экспорттау мәселесі бойынша келіссөздер жүргізілуде.

«Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан мемлекеттік реттеу мен инвесторларды қолдау саласында оңтайлы нәтижелерге қол жеткізді. Осы орайда ТМД елдері арасында инвестициялық қызметті іске асыруда қолайлы жағдайлар ұсынатын көшбасшылардың бірі болып отыр. Қазақстанға инвестиция салғанда, сіздерде Қытайдың, Ресейдің, сондай-ақ ЕАЭО-ның ауқымды нарығына кіруге мүмкіндік туады. Сонымен қатар, бүгінгі таңда министрлік  экспорт саясатын мақсатты түрде жүзеге асыру жұмыстарын жүргізуде. Осыған орай, жаңа экспорттық арналарды құратын, ал жұмыс істеп тұрғандарды кеңейтетін, ірі экспорттық партияларды қалыптастыратын АӨК экспорт орталығы құрылды», - деп тоқталды министр.

 Айта кетейік, агроөнеркәсіптік инвестициялық форумға әлемнің 18 елінен шамамен 200-ден астам өкіл қатысуда. Оның ішінде ірі шетелдік инвестициялық қорлар мен қаржы ұйымдарының шамамен 40 өкілі, қазақстандық және шетелдік агробизнестің мүдделі өкілдерінің кеңейтілген тобы бар.

Соңғы жаңалықтар
telegram