Жапония оқ ата алатын, өрт те сөндіретін алып робот жасады

АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - «Куратас» - секундына 100 заряд жылдамдықпен оқ атып, сондай-ақ ғимаратқа кіріп, өрт сөндіре алатын 4 метрлік жапондық робот.
None
None

The Guardian ақпаратына сәйкес, 4,5 тонна болатын алып темір жаңа «РобоКоп» атауын иеленуі мүмкін. Робот кузовта отыратын жүргізушімен және 3G желісіне қосылған смартфонның көмегімен бақыланады. Алып темір Токиодағы «Ғажайыптар фестивалінде» көрсетілген. Машина дизельді жанармайдың көмегімен жұмыс істейді, алайда болашақта қуат көзінің экологиялық таза түрін жасау жоспарланған. Робот әскери және бейбіт режимге қарай өзгерістер енгізілуге бейім.

Suidobashi компаниясындағы құрастырушылардың сөзіне қарағанда, жаңа құрылғыны өрт сөндіру мен қирандыларды тазалау сынды бейбіт мақсаттарға пайдалану көзделуде, деп жазады Еуразия бірінші арнасы.

Соңғы жаңалықтар