Жапония өзінің мұнай резервін пайдалануды қарастырып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жапония үкіметі АҚШ-тың сұрауы бойынша өзінің мұнай қорын пайдалану мүмкіндігін зерттеп жатыр. Бұл шикізат бағасының күрт өсуін тоқтатуға көмектеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат NHK агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

Қыркүйектің аяғында үкіметтің елдің ішінде 145 күні қолдануға жарайтын мұнай қоры болған. Ережелер бойынша бұл қорды тек тапшылық немесе табиғи апат кезінде пайдалануға болады. Олар өскен бағаны ұстап қалу үшін пайдалануға қарастырылмаған.

Үкіметтің ресми өкілдерінің айтуынша, мұнай қорлары құқықтық негізде ғана нарыққа шығарылуы мүмкін. Ол үшін мұнай қорларын артық деп қарастыру керек, себебі соңғы жылдары мұнайға деген ішкі сұраныс азайып отырған.

Жапония премьер-министрі Кисида Фумионың әкімшілігі мұнайды нарыққа АҚШ және Оңтүстік Кореямен келісіп шығару мүмкіндігін зерттеп жатыр. Алайда оның пайдасы шектеулі болады. Себебі олар ұсына алатын қор көлемі аса көп емес.

Бұл Жапониядағы мұнай резервін алтыншы рет шығару болмақ. 2011 жылы олар жеке меншік секторы қорларынан екі рет шығарылған – бір рет наурыздағы цунамиден кейін, екінші рет маусымда Ливиядағы жағдай шиелінскеннен кейін.


Соңғы жаңалықтар