Жапония полициясы якудзалардың атысынан кейін оқушыларды мектепке дейін шығарып салуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапондық якудзалардың "Ямагути-гуми" қылмыстық синдикатының тобы мен одан бөлініп шыққан "Кобе Ямагути-гуми" тобының арасындағы қатынастардың шиеленісуінен елдегі Коби қаласының балалары мектепке полицияның және мұғалімдердің бірге еруімен барып жүр, деп хабарлады NHK телекомпаниясынан.

Жапония полициясы якудзалардың атысынан кейін оқушыларды мектепке дейін шығарып салуда

"Кобе Ямагути-гуми" тобының штаб-пәтері орналасқан Мито қаласындағы мектептердің бірінде оқушылар сабаққа ересектердің күзетімен келді. Жексенбі күні штаб-пәтердің ғимаратында бес оқтың ізі анықталса, сенбіде ғимараттың қасында тұрған машинаға бәсекелес "Ямагути-гуми" тобының жүк көлігі соғылды. Ал мектеп болса, оқиға орнынан небәрі 50 метр қашықтықта орналасқан. Сабақтан кейін балалар үйлеріне ересектердің қадағалауымен жеткізіледі.