Жапония премьер-министрі қазіргі ахуалды «болжап болмайтын» деп бағалап отыр
АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Жапонияның премьер-министрі Каото Кан үкіметтің «Фукусима-1» АЭС-індегі апатқа байланысты аса күшейтілген дайындық жағдайында отырғанын мәлімдеді,
деп хабарлады Би-Би-Си.
Соңғы деректер бойынша, «Фукусима-1» атом электр стансасының энергоблоктарының бірінің сыртқы бөлігінде жоғары радиактивті су, ал АЭС маңындағы топырақта плутоний анықталды.
Парламент алдында сөйлеген сөзінде Наото Кан қазіргі жағдайды «болжап болмайтын» деп атап, үкіметтің күшейтілген тәртіпте жұмыс жасап жатқанын мәлім етті.
Бақылаушылардың айтуынша, Наото Канның үкіметі саябырлық пен батылсыздық жасап отыр деп айыпталуда.