Жапония премьері парламентті таратып, мерзімінен бұрын сайлау өткізбек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ басқарушы либералды-демократиялық партия басшылығына парламентті тарату және мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешімін хабарлады, деп жазады ВВС.
Жапониялық БАҚ атап өткендей, сайлау желтоқсан айында болуы мүмкін. Сонымен қатар, Абэ 2015 жылдың қазанына жоспарланған тұтыну салығы ұлғаюының екінші кезеңін 18 айға шегерілетіні жайлы айтты. Жуырда Жапония экономикасы көлемі бойынша әлемде үшінші орында екені белгілі болды.