Жапония премьерінің әйелімен байланысты жанжал өрши түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда осы елдің премьер-министрі Синдзо Абэнің айналасында сыбайлас жемқорлықпен байланысты үлкен жанжал шықты. Парламентте тыңдауда ұлттық мектеп директоры көшбасшының әйелінен 1 млн иен (9 мың долларға жуық) алғанын айтты. Бұл туралы Reuters-ке сілтеме жасап newsru.com хабарлады.

Жапония премьерінің әйелімен байланысты жанжал өрши түсті

Ясунори Кагиоке өзіне тиесілі Moritomo Gakuen ұйымы өкілдерінің мемлекеттен нарықтық бағадан әлдеқайда арзанға жер учаскесін қалай алғанын депутаттарға түсіндіріп беру үшін парламентке шақырылды. Көп жылдан бері патриоттық балабақшаны басқаратын Кагиоке ол жерге мектеп салған. Оны премьер Абэнің есімімен атап, оның жұбайына құрметті директор атағын берген.

Тыңдау барысында Кагиоке 2015 жылы Синдзо Абэнің жұбайы Акие оған ақша беріп жібергенін айтты. «Бұл мен үшін үлкен құрмет болды, сондықтан бұл көз алдымдағыдай есімде», - деді ол.

Бұдан бұрын премьер оның жұбайы мектепке ақша беріп жібермегенін, өзі де күмәнді мәмілеге бас сұқпағанын айтқан.