Жапония премьер-министрі Орталық Азияға 50 жапондық компания өкілін алып келеді
АСТАНА. KAZINFORM – 9 тамызда Жапония Премьер-Министрі Фумио Кишида түрлі саладағы 50 компаниядан тұратын үлкен делегациямен Орта Азияға сапарлайды. Бұл туралы NHK World JAPAN басылымы жазды.
Фумио Кишида Қазақстан мен Өзбекстанға келеді, екі ел басшыларымен кездеседі, аймақтық саммитке қатысады және басқа да келіссөздер жүргізеді.
Жапондық компаниялар Орталық Азия компанияларымен жаңа келісімшарттар жасауы күтілуде. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары декарбонизацияны, цифрлық денсаулық сақтау қызметтерін және басқа да озық технологияларды енгізу болып табылады. Жапония жапондық компанияларды Орталық Азияға белсенді инвестициялауға ынталандыруды жоспарлап отыр. 300 миллиард иен көлемінде бес жылдық несие желісі ашылады.
Токио стратегиялық пайдалы қазбаларға бай аймаққа жаһандық қызығушылықтың айтарлықтай артып жатқан кезде Орта Азиядағы ықпалын күшейтуді көздейді.
Айта кетейік, 8-10 тамызда Астанада Орталық Азия елдерінің басшылары кездеседі. Онда президенттердің жыл сайынғы консультативтік кездесуі мен «Орталық Азия+Жапония» саммиті өтеді.
Бұған дейін Жапония Орталық Азияға экономикалық көмек пакетін жариялайтынын хабарлаған едік.