08:53, 05 Мамыр 2017 | GMT +5
Жапония радиоактивті ормандағы өртті бір аптадан бері сөндіре алмай жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапондық әскери қызметшілер жұма күні өртпен күресті жаңартты. Апатқа ұшыраған «Фукусима-1» АЭС жабық аймағында радиоактивті орманда өткен сенбіден бері жалынды ауыздықтау мүмкін болмай жатыр, деп хабарлады ТАСС.
Өртті сөндіру үшін тікұшақтар пайдаланылуда. Жерде қорғаныс комбинезонын киген 240 адам жалынмен арпалысуда. Фукусима префектурасы билігінің деректеріне сәйкес, өрт салдарынан радиация деңгейінің артуы тіркелген жоқ.
Қазіргі уақытта апатты АЭС-ке бірнеше ондаған шақырым жерде Намиэ қаласында тау беткейлерінің маңындағы 20 гектардан астам орман жанып кетті. Өртпен күресуге күшті жел кедергі келтіруде. Жалынның тұтануына найзағай себеп болған деп болжануда.