Жапония шалғайдағы 280 аралға иелік етуді көздеп отыр
АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Жапония билігі өз аумағына шалғайдағы 280 аралды қосып алмаққа бел буып отыр.
NHK телеарнасының хабарлауынша, ел билігі бұл аралды алдымен зерттеп, иелігі жоқтарын өздерінікі етіп жарияламақшы.
Қазіргі уақытта 500 арал аумақтық сулардың шекарасын анықтау (бөлу) үшін тірек орындары ретінде пайдаланылуда.
Қазіргі күні осы аралдардың бірқатары жапон азаматтарының жеке иелігінде екені анықталды. Ал кейбірі елдің түрлі жергілікті басқару органдарына қарайды.